Меню KDT
logo1.jpg?_=1710477848

қабылдау бөлімі
+7(7172) 57-02-51
pmpk_4ast@mail.ru

ДЕФЕКТОЛОГ

 

Дефектологтың  ата-аналарға ұсыныстары!
 

1.Үйде тамақ пісіру, тазалау, киіну, шешіну, ойнау, серуендеу және т.б. .сияқты барлық әрекеттер кезінде балаңызбен сөйлесіңіз. Не істеп жатқаныңыз туралы сөйлесіңіз, баланың не істеп жатқанын, басқа адамдар не істейтінін және сіздің балаңыз не көріп жатқанын барлығын сөзбен жетелеп отырыныз
 
2.Қалыпты қарқынмен, интонациямен сөйлеңіз
 
3.ДҰРЫС құрылған сөйлемдер мен сөз тіркестерін қолдана отырып сөйлеңіз. Сіздің сөйлеміңіз сіздің балаңызға қарағанда 1-2 сөзден ұзын болуы керек. Егер сіздің балаңыз әлі де тек жеке-жеке сөздермен сөйлеп жүрген болса, онда сіздің сөйлеміңіз 2 сөзден тұруы қажет.
 
4.АШЫҚ сұрақтар қойыңыз. Бұл сіздің балаңызға жауап беру үшін бірнеше сөздерді қолдануға итермелейді. Мысалы, «Ол не істеп жатыр?» деген сұрақтың орнына «Ол ойнайды ма?» Егер бала сұраққа жауап бере алмаса, «немесе» сөзін қолданыңыз. Мысалы: «Бала секіреді немесе жүгіреді».
 
5.Баланың сөйлеуіне және сұрақтарға жауап беру мүмкіндігіне ие болу үшін уақытша үзіліс жасаңыз. Шыдамды болыңыз.
 
6.Бізді қоршап тұрған дыбыстар мен шуды тыңдаңыз. Балаға айтыңыз: «Тыңдашы ит қалай үреді, бұл желдің лебі» және т.б. Содан кейін «бұл не?» деп сұраңыз. Бұл ит үріп, желдің шуылы, ұшақтың қозғалтқышы, жапырақтың сыбдыры, өзеннің күңкілі және т.б. болуы мүмкін.
 
7.Қысқаша әңгіме , ертегі айтып беріңіз. Содан кейін балағасол әңгімені сізге немесе басқа біреуге айтуға көмектесіңіз. Егер қиын болса, балаңызға жетекшілік ететін сқрақтар қойыныз.
 
8.Егер бала сөйлеуде бірнеше сөздерді ғана қолданса, оған сөйлеу тілін жаңа сөздермен байытуға көмектесіңіз. 5-6 сөзді (дене мүшелері, ойыншықтар, азық-түліктер) таңдап, оларды балаңызға атаңыз. Оған осы сөздерді қайталауға мүмкіндік беріңіз. Баланың оларды нақты атап беруін бірден күтпеңіз. Балаңызға шабыт беріп, есте сақтауына көмектесіңіз. Бала осы сөздерді айтқаннан кейін, тағы 5-6 жаңа сөз енгізіңіз. Бала қоршаған ортадағы заттардың көпшілігін танымайынша, сөздерді қосуды жалғастырыңыз. Күн сайын осылай қайталап отырыныз.
 
9.Егер бала бір ғана сөз сөйлесе, оған қысқа фразаларды үйрете бастаңыз. Балаңыз білетін сөздерді қолданыңыз. Түс, өлшем, әрекетті білдіретін сөздерді қосыңыз. Мысалы, егер бала «доп» деген сөзді айтса, оған «Үлкен доп», «Асхаттың добы», «дөңгелек доп» т.б.
 
10.Сабақтың көп бөлігін ойын түрінде өткізіңіз. Баламен жұмыс сөйлеуді еліктеуді күшейтіп, үйлесімді сөйлеу элементтерін қалыптастырып, есте сақтау қабілеті мен зейінін дамытуы керек.

 
Ұмытпаңыз: Баламен ойын ойнау арқылы, сіз оны дамытасыз!
Сіздің баланыз ең керемет!
 






 
 






 

Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Астана қаласы әкімдігінің қызмет көрсету порталы birge.astana.kz

ПМПК басшысы