Меню KDT
logo1.jpg?_=1710477848

қабылдау бөлімі
+7(7172) 57-02-51
pmpk_4ast@mail.ru

ШЕКАРАСЫЗ БІЛІМ


2023 жылдың 25 мамырында Астана қаласы Білім басқармасы, Әдістемелік орталықтың және Ж. Тәшенев атындағы №10 мектеп - гимназиясының ұйымдастыруымен "Шекарасыз білім: жалпы білім беретін мектеп негізінде көру қабілеті бұзылған оқушыларды әлеуметтендіру" тақырыбында Республикалық ғылыми - тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференцияның мақсаты: арнайы және инклюзивті білім беруді дамытуда ғылымның, тәжірибенің және әлеуметтің күш-жігерін біріктіру.
Аталған іс - шараға Қазақстанның әр өңірінен келген әріптестер келіп, №10 мектеп-гимназияның көру қабілеті бұзылған балалармен жұмысының тәжірибесін көре алды.
Кейс - сессиялар мен шеберлік сыныптары ойдағыдай өтті. Кейс-сессия жұмысына №4 ПМПК мамандары да қатысты. Тифлопедагог Н.К. Бекимова "ПМПК диагностикалық тобы жағдайында көру қабілеті бұзылған баланың функционалдық мүмкіндіктерін бағалау" туралы айтып берді. Сурдопедагог Ж. А. Ташенова "Көру қабілеті бұзылған балалармен сурдопедагогтың түзету-педагогикалық қызметі" туралы айтты.
Конференция жоғары деңгейде, ұйымдасқан, қызықты, ауқымды түрде өтті.



Пікір жоқ
28 қаралды
Санаты: Білім
Авторы: b4psychologmedical
Қосылды: 25.05.2023 в 10:07

Басшының блогы