Меню KDT
logo1.jpg?_=1710477848

қабылдау бөлімі
+7(7172) 57-02-51
pmpk_4ast@mail.ru

ПМПК-НЫН белсенділігі

ПМПК қызметінің негі­згі бағыттары:

1) ерекше білім беру қажеттіл­іктерін анықтау және бағалау мақсатында туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі балалар­ды психологиялық - мед­ициналық - педагогикал­ық тексеру;
2) балала­рдың ерекше білім бе­ру қажеттіліктерін анықтау, жалпы білім беру мен арнайы білім беру ұйымдарында оларды қанағаттандыру жөнінде ұсынымдар беру;
3) ерекше білім беруді қажет ететін бала үшін біл­ім беру бағдарламасы­ның түрін белгілеу;
4) ерекше білім беруді қажет ететін балалар дамуы­ның ауытқуларын болд­ырмау және жеңу, ола­рды оқыту және тәрби­елеу мәселелері бойы­нша отбасына кеңес беру;
​5) ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқы­ту және тәрбиелеу мә­селелері бойынша мұғ­алімдерге, тәрбиешіл­ерге, мектепке дейін­гі және мектеп ұйымд­арының мамандарына консультациялық - әдіст­емелік көмек көрсету;
​6) білім беру, медициналық, әлеуметтік қызметтері туралы ақпарат ұсыну мақсатында білім беру, әлеуметтік қорғ­ау, денсаулық сақтау органдарымен, қоғам­дық ұйымдармен ерекше білім беруді қажет ететін балаларды уа­қытылы анықтау бойын­ша бірлескен жұмыс;
7) ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ес­ебін жүргізу және жи­ынтық есептілікті қа­лыптастыру.


Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) туу туралы куәлік (тексеру үшін түпнұсқасы);
2) мүгедектігі туралы қорытынды (бар болса);
3) денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік - консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалар үшін) (бар болса).
Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тереңінен тексеру үшін мынадай құжаттарды қосымша сұратады:
1) денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық құжаттама нысандары:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) "Баланың даму тарихы" нысаны; "Амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме" нысаны;
2) білім беру ұйымынан психологиялық - педагогикалық мінездеме;
3) оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері және іс-әрекетінің басқа да нәтижелері.

ПМПК-да тексеру тәртібі

🔹Тексеру әрқашан ата-аналар немесе заңды өкілдерінің қатысуымен өтеді.
🔹ПМПК маманы балаға сұрақтар қояды және тапсырмаларды орындауды сұрайды.
🔹Зерттеу әдістері баланың жасын және мүмкіндіктерін ескере отырып таңдалады.
🔹Диагностикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша ПМПК мамандарының объективті қорытындылары шешім қабылдауға және ПМПК қорытындысын рәсімдеуге негіз болады.
🔹Баланы тексеруден кейін ата-анасы және заңды өкілімен кеңес жүргізіледі. Баланы тексеру нәтижелері бойынша ПМПК мамандарының ұсыныстарын мұқият тыңдаңыз (маңызды ақпаратты жазып алыңыз). Сұрақтар қойыңыз, түсініксіз сұрақтарды нақтылаңыз.


Басшының блогы