ПМПК қызметінің негізгі бағыттары:
1) ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және бағалау мақсатында туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі балаларды психологиялық - медициналық - педагогикалық тексеру;2) балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау, жалпы білім беру мен арнайы білім беру ұйымдарында оларды қанағаттандыру жөнінде ұсынымдар беру;
3) ерекше білім беруді қажет ететін бала үшін білім беру бағдарламасының түрін белгілеу;
4) ерекше білім беруді қажет ететін балалар дамуының ауытқуларын болдырмау және жеңу, оларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша отбасына кеңес беру;
5) ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша мұғалімдерге, тәрбиешілерге, мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарының мамандарына консультациялық - әдістемелік көмек көрсету;
6) білім беру, медициналық, әлеуметтік қызметтері туралы ақпарат ұсыну мақсатында білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау органдарымен, қоғамдық ұйымдармен ерекше білім беруді қажет ететін балаларды уақытылы анықтау бойынша бірлескен жұмыс;
7) ерекше білім беруді қажет ететін балалардың есебін жүргізу және жиынтық есептілікті қалыптастыру.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) туу туралы куәлік (тексеру үшін түпнұсқасы);
2) мүгедектігі туралы қорытынды (бар болса);
3) денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік - консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалар үшін) (бар болса).
Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тереңінен тексеру үшін мынадай құжаттарды қосымша сұратады:
1) денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық құжаттама нысандары:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) "Баланың даму тарихы" нысаны; "Амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме" нысаны;
2) білім беру ұйымынан психологиялық - педагогикалық мінездеме;
3) оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері және іс-әрекетінің басқа да нәтижелері.
ПМПК-да тексеру тәртібі
🔹Тексеру әрқашан ата-аналар немесе заңды өкілдерінің қатысуымен өтеді.
🔹ПМПК маманы балаға сұрақтар қояды және тапсырмаларды орындауды сұрайды.
🔹Зерттеу әдістері баланың жасын және мүмкіндіктерін ескере отырып таңдалады.
🔹Диагностикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша ПМПК мамандарының объективті қорытындылары шешім қабылдауға және ПМПК қорытындысын рәсімдеуге негіз болады.
🔹Баланы тексеруден кейін ата-анасы және заңды өкілімен кеңес жүргізіледі. Баланы тексеру нәтижелері бойынша ПМПК мамандарының ұсыныстарын мұқият тыңдаңыз (маңызды ақпаратты жазып алыңыз). Сұрақтар қойыңыз, түсініксіз сұрақтарды нақтылаңыз.